Шымкенттік ардагерлерге Жеңіс күніне орай 1,1 млн теңгеден беріледі

Жеңіс күніне орай төлем, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2022 09:45 Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкентте Жеңіс таңын жақындатқан Ұлы Отан соғысының 7 ардагері тұрып жатыр. Биыл майдангерлер Жеңіс күні қарсаңында 360 АЕК көлемінде, яғни 1 110 680 теңгеден көмек алмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үшінші мегаполисте екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне берілетін бірреттік қаржы көлемі белгілі болды, деп хабарлады Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Ұлдана Бекбау.

Бұл қаражат ардагерлердің жеке есепшоттарына аударылады. Оны алу үшін ешқандай құжат жинаудың қажеті жоқ. Себебі, зейнетақы төлеу орталығынан арнайы тізім бар. Сондай-ақ, қалада соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға – 36 АЕК, яғни 110 260 теңгеден төленсе, 2500-ден астам тыл ардагеріне 36 756 теңгеден (12 АЕК) берілмек. Бұл қаражаттар да бірреттік төлем ретінде есепшоттарына түседі.

Өңірдегі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мемлекеттік қаржылай көмектен бөлек, шипажайларға да жолдама беріледі. Сондай-ақ, жылына екі рет қариялар мерзімді басылымдарға бюджет есебінен тегін жазылады.

Айта кетейік, елімізде ардагерлер саны жыл санап азайып келеді. Шымкенттегі көзі тірі майдангерлер арасындағы ең қарты биыл желтоқсан айында 100 жасқа толады. Ресми деректерге сүйенсек, өткен жылы Ұлы Отан соғысының 21 ардагері бар еді.

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: