Қарағандыда 6 жасар баланың телефонын тартып алған ер адам ұсталды
Арызданушы белгісіз біреу оның 6 жасар ұлының ұялы телефонын тартып алғанын айтты. Келтірілген шығын көлемі 93 мың теңгені құрады.
Бала көпқабатты үйдің ауласында орналасқан ойын алаңында ойнап жүрген. Осы кезде белгілі бір азамат баланың жанына келіп, оның қолынан ұялы телефонын тартып алып, ізін суытқан.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ретінде 41 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді.
Заттай дәлелдемелер алынды. Сондай-ақ, Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне 47 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Ол кешке жұмыстан қайтып келе жатқанын түсіндірді.
Ер адам қала саябағында келе жатып, күтпеген жерден белгісіз біреу оған бас салған. Ол күш қолданып, жәбірленушінің қолындағы әмиянды алып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Арызданушының айтуынша, әмиянда құжаттар мен 12 мың теңге болған.
Уақыт өте келе полиция қызметкерлері 39 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдемелер жәбірленушінің әмияны алынды.
Барлық аталған фактілер бойынша да Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.