Жаңалықтар тізбегі
0

Әлихан Смайылов: БҚО жолдарын қалпына келтіруге 15 млрд теңге қарастырылған

БҚОға барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2022 15:17 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. Үкімет басшысы өңірдегі бірқатар кәсіпорынды, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне өңірдегі жолдарды жөндеу бойынша барлық қажетті шараны дереу қабылдауды тапсырды.

Осыған байланысты Үкімет басшысы бірінші кезекте 94 мың тұрғыны бар 50 елді мекенді байланыстырып отырған «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» автожолының учаскесіне барды.

Жол Қарашығанақ кен орнына дейін жетеді және Ресейге транзиттік дәліз болып отыр. Қазіргі уақытта күре жолдың жағдайы өте нашар, әрі-бері өткен Қазақстан мен басқа да елдердің ондаған мың азаматы жол азабын тартып отыр.

«Күре жолдардың жағдайы – Батыс Қазақстан облысындағы ең күрделі мәселелердің бірі. Биылғы жылы біз бұл жұмыстардың ауқымды бөлігін аяқтауымыз керек. Осыдан үш жыл бұрын басталған бұл жобалар қаржының жетіспеушілігінен бітпей қалды. Биыл жолдарды жөндеуге 15 млрд теңге көзделген, егер жұмыс қарқынын тездетуге техникалық жағдай мүмкіндік берсе, қосымша қаражат бөлуге болады. Бюджетті нақтылау кезінде біз “Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы” автомобиль жолына арнайы 6 млрд теңге қарастырдық. Жолдарды жөндеу жұмыстарын 2002-2023 жылдары аяқтау қажет», – деді Әлихан Самйылов.

Үкімет басшысы облыс әкімдігіне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, бұл мәселені бақылауда ұстап, қаражаттың тиімді игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: