Қазақстанда күн жылынады

Алматы, Қазақстан, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2022 12:59 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның синоптиктері 26-28 сәуірге арналған ау райы болжамын ұсынды. Елімізде күн жылынады, тек республиканың батысы мен таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күндіз еліміздің солтүстігінде +13...+18°С-тан +20...+25°С-қа дейін, орталықта +8...+18°С-тан +15...+23°C-қа дейін, оңтүстікте +18...+28°C-тан +23...+30°C-қа дейін жылынса, батыста температура фоны +20...+28°C, шығыста + 10...+18°C, оңтүстік-шығыста +17...+25°C болады. «Қазгидромет» РМК

Республиканың батысында, таулы және тау етегіндегі аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Орталықта, шығыста және таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман түседі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында – шаңды дауылмен қоса жел күшейеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: