Павлодарда елімізде бұрын-соңды кездеспеген көбелек анықталды
Сурет: Торайғыров университеті
Отандық ғалымдар елімізде түнгі Catocala helena көбелегін анықтады. Көбелектің бұл түрін Қарағанды даласынан Торайғыров энтомологы Сергей Титов және оның Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы мен ҚР БҒМ ҒК Зоология институтындағы әріптестері ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұрын Catocala helena Ресейдің Қиыр шығысында, Кореяда, Қытайда және Моңғолияда жалпақ жапырақты ормандарда өмір сүрген. Соңғы жылдары ол Забайкальеде, Батыс Сібірде байқала бастады және Қазақстанды айналып өтіп, Catocala helena оңтүстік Оралға және Ресейдің еуропалық бөлігіне Еділ бойына жетті. Алайда қазір біздің зерттеулеріміз көбелектердің бұл түрі Қазақстанда да пайда болғанын көрсетіп отыр. Біз бұл инвазивті түрдің болашақта Қазақстан табиғатына қандай әсер етуі мүмкін екенін анықтау үшін Catocala helena-ның әрі қарай еліміздің аумағында да, шетелде де өмір сүру салтын бақылаймын.Сергей Титов
ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Catocala helena-ның неліктен шығыстан батысқа қарай қоныс аудара бастағанын және бұған дейін біздің фаунамызға белгісіз басқа инвазиялық жәндіктер осы көбелектерге ілесе ме, жоқ па, соны анықтайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript