Әскери тәрбиеленушілер Даңқ мемориалында құрмет қарауылын атқарды

әскери тәрбиеленуші, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2022 11:23 Сурет: Қорғаныс министрлігі
Мұндай шара биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Жас сарбаз» қозғалысының және Алматы қаласындағы әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері Даңқ мемориалындағы құрмет қарауылының вахтасына түсті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Осы орайда 45 қалалық мектептің жас патриоттары мемориалда кезек-кезек күзету қызметін атқарды. Бірінші күзету кезешілігі № 95 жалпы білім беретін мектептің #ЖасСарбаз сыныбының тәрбиеленушілеріне бұйырды. Биыл еске алу вахтасы 14 мамырға дейін жалғасады.

Айта кетейік, құрмет қарауылын атқару дәстүрі 1980 жылы пайда болған еді. Еске алу шараға оқу және әскери дайындықта үздік танылып жүргендер қатысты.

«Жас сарбаз» қозғалысының балалары осы дәстүрді Алматыда үшінші жыл қатарынан жалғастырып келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: