Шымкенттің алты ауданында жарты жыл бойы ыстық су болмайды
Сурет: pixabay
Шымкентте қазандықтың тозығы жеткендіктен, 200-ден астам көпқабатты үй ыстық судан ажыратылды. Тұрғындарға су жылытқыштарын алдын ала сатып алу ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы «Отырар» басылымының журналисіне ыстық сумен қамтамасыз ету экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін айтты.
Сондықтан тұрғындар жылыту маусымының басталуын күтуге мәжбүр.
Қаланың ЖЭО-дан қуат алатын ескі бөлігінде ыстық суды қосу экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Оның шығыны шаш етектен. Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript