Нұр-Сұлтандағы коттедж қалашығынан бірнеше велосипед ұрлаған ұры қолға түсті

ұры қолға түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2022 14:26 Сурет: pixabay
Есіл аудандық полиция бөлімінің жедел қызметкерлері саяжай қалашығынан бес велосипед ұрлап кеткен құрылыс алаңының күзетшісін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

41 жастағы ер адам саяжай маңындағы құрылыста күзетші болып жұмыс істеген. Ол түнде қала аумағына кіріп, үйлердің ауласынан емін-еркін велосипедтерді ұрлаған.

Полиция қызметкерлері күдіктіні бесінші велосипедін ұрламақ болған жерінде ұстады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіден ұрланған велосипедтердің барлығы тәркіленді.

Біз азаматтарға қырағы болуға және велосипедтерді қараусыз қалдырмауға кеңес береміз. Оларды ұрылардың жеміне айналдырмау үшін, ұрлыққа қарсы сенімді велосипед құлыптарын қолданыңыз. Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: