28 сәуірде Қазақстанда жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді
Республика аумағының басым бөлігінде күн ашық болады. Жауын жаумайды. Тек республиканың батыс жартысында, қиыр солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр және қар) болады. Қазақстан бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. «Қазгидромет» РМК
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Солтүстікте, батыста шаңды дауыл болады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда жел 15-20 м/с және 23-28 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде батыста, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с немесе 23-28 м/с-қа жетеді.
Таңертең және күндіз орталықта, Қызылорда облысының шығысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Күндіз орталықта шаңды дауыл соғады.
Алматы облысының солтүстік-шығысында жел 17-22-25 м/с күшейеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында да жел күшейеді. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Түнде батыста, солтүстікте, күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Атырау облысының батысында түнде және таңертең тұман болады.
Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, солтүстігінде, Ақтөбе қаласының орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.