Жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің құндық және салмақтық шектері өсті
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» Шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 59 Шешім қабылдады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, яғни 2022 жылғы 28 сәуірден бастап күшіне енеді (Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында 2022 жылғы 18 сәуірде жарияланған).
Шешіммен 2022 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімге Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігінен ерекшеленетін көлік түрлерімен бірге алып жүретін және (немесе) бірге алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің құндық және салмақтық шектерін 500 евродан 1000 евроға дейін және
25 кг-нан 31 кг-ға дейін арттыру көзделген.
Жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу шегін мұндай уақытша арттыру Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін енгізіледі. Армения Республикасында бұл шектер бұрынғы деңгейде қалады.
Көрсетілген кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігінен ерекшеленетін көлік түрлерімен бірге алып жүретін және (немесе) бірге алып жүрмейтін багажда әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға 1000 евро және 31 кг шегінде кедендік төлемдер салынуға жатпайды. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Бұл шек уақытша негізде – 2022 жылғы 1 қазанға дейін ұлғайтылды. Осылайша, 2022 жылғы 28 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде, егер багажда әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны 1000 евро сомасынан асатын болса және (немесе) олардың салмағы 31 кг-нан асатын болса, алушы кедендік бажды құнының 30% мөлшерінде, бірақ құндық және (немесе) салмақтық нормалардан асып кету бөлігіндегі салмақ бойынша
1 кг үшін 4 евродан кем емес мөлшерде төлеуі қажет.