Ақтау әуежайы ұшақтардың ұшу уақытын өзгертті

Ескерту хабарламасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2022 20:34 Сурет: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығының баспасөз қызметі
Ақтау халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағы жөндеуге жатуына байланысты рейстер кейінге қалдырылады немесе ұшу тоқтатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығының ақпараты бойынша, 3 мамырдан 5 шілдеге дейін ұшу-қону жолағына ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуі және техникалық қызмет көрсету жоспарланған.

Жөндеу жұмыстары дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

Lada.kz бұл күндергі рейстерді Ақтау әуежайының әуеайлағы сағат 20:00-ден 09:00-ге дейін қабылдайды. Аптаның қалған күндері рейстер штаттық режимде орындалады.

Әуе компаниясы жолаушылардан аталған күндерге қатысты рейстердің ұшу уақытын +7 (7292) 60 97 55 телефоны бойынша нақтылауды сұрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: