Ақтау әуежайы рейстердің кешігуіне байланысты жолаушыларға үндеу жасады

Осыған байланысты әуежай әкімшілігі жолаушыларға үндеу жасады.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтау әуежайы жергілікті уақыт бойынша 28.02.2025ж. сағат 12:00-ге дейін уақытша жабылғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта 11 рейс кешігуде. Әуежайдың ресми сайтында немесе анықтама бюросының 8 (7292) 609755 телефоны арқылы рейстеріңіздің мәртебесі туралы ақпаратты алдын ала нақтылауыңызды сұраймыз",- Ақтау әуежайының Instagram желісінде жарияланған ақпаратта осылай делінген.
Келесі рейстер кешігуде:
- FS7298 Актау-Атырау
- FS7275/7276 Актау-Атырау-Актау
- DV731/732 Алматы-Актау-Алматы
- FS7625 Актау-Стамбул
- DV780 Кокшетау-Актау
- FS7375 Астана -Актау
- FS7176 Актау-Алматы
- КС859 Алматы-Актау
- DV1774 Астана-Актау
- J28215 Баку-Актау
- КС313 Астана-Актау
Сондай-ақ "Air Astana" жолаушылармен байланысып, Ақтауда ұшу-қону жолағының жабылуына байланысты ұшу кестесіндегі өзгерістер туралы хабарлады:
27 ақпаннан 12.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшу қону жолағы тазарту үшін жабылды. Осыған байланысты Ақтауға/Ақтаудан KC 859, 860 рейстері кідіртілді. 28 ақпанда жолақтың жабылуы сағат 6.00-ден 12.00-ге дейін ұзартылды, бұл Ақтау қаласына/қаласынан рейстердің кешігуіне және тоқтатылуына әкелуі мүмкін. Рейстердің мәртебесін веб-сайтта немесе Air Astana қосымшасында тексеріңіз.
2025 жылғы 27 ақпанда сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін Ақтау халықаралық әуежайы ауа райының қолайсыздығына және ұшу-қону жолағын техникалық күтіп ұстауға байланысты рейстерді қабылдау мен жөнелтуді тоқтатқаны белгілі болды.