Павлодар әуежайы 1 сәуірден бастап жұмысын тоқтатады

Павлодар әуежайы 1 сәуірден бастап жұмысын тоқтатады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2025 14:18 Сурет: Instagram/airport_pavlodar
Павлодардағы әуежай 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға байланысты жабылады. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Осылайша, ведомствоның мәліметінше, 1 сәуір мен 1 қараша аралығында әуежайда ұшу-қону жолағын кеңейтумен бірге қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты барлық бағыттар бойынша әуе қатынасы тоқтатылды", – делінген 11 наурыздағы ресми мәлімдемеде.

2025 жылдың қаңтарында Көлік министрлігі Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежайдың құрылысы туралы хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: