Жаңалықтар тізбегі
0

Үсік жүреді, қатты жел тұрады. Бірқатар өңірде ауа райы бұзылып, күн суытады

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2022 22:58 Сурет: pixabay
Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне қатысты Қазақстанның бірқатар аймақтарында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады. Солтүстік-шығыстан, батыстан, оңтүстіктен және облыс орталығынан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Атырау қаласында күндіз найзағай жарқылдап, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Орталықта, шығыста, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20, кей жерде 23 м/с болады деп күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталық бөлігінде найзағай ойнайды.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с құрайды.  Қостанай қаласында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз Маңғыстау облысының шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойысатын желдің күндіз облыстың солтүстігінде, шығысындағы екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында солтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Петропавл қаласында күндіз солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: