Грузияда қатты жер сілкінісі болды
Сурет: pixabay
Ұлттық сейсмикалық мониторинг орталығы Армениямен шекаралас Дманиси қаласына жақын жерде 5,3 балдық жер сілкінісі болғанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Gazeta.ru сайтының хабарлауынша, мамандар жер сілкінісінің ошағын қалада тіркеген, ошақ 9 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпулері Тбилисиде де сезілді. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат әзірге жоқ.
Айта кетейік, 13 ақпанда Грузияда 2012 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі 6,2 баллдық зілзала болды. Жер сілкінісінің ошағы сол кезде елдің оңтүстігінде, Грузия астанасынан 100 шақырым жерде болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript