Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда сирек кітаптар қоры жасақталды

сирек кітаптар табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2022 11:56 Сурет: pixabay
Алғашқы жинақ қорға 22 жыл бұрын тапсырылған. Сол сәттен бері мыңдаған баспа құралы топтастырылған рухани азық ордасына айналып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде кез келген оқырман қоғамдық кітапханаға келіп, тың мағлұматтармен таныса алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарына дейін жарық көрген кітаптар сирек кездесетін құралдар қатарына енгізіледі. Кітапханада 19 және 20 ғасырларда басылып шыққан кітаптар бар. Оларды сақтап, күту - ерекше назарда. Көне басылымдар бөлек сөреде сақталады.

Кітаптар коллекциясын жинау – үлкен жұмыс. Әрі, сирек кездесетін құбылыс. Бұл кітапханадағы құралдардың барлығы түпнұсқа күйінде сақталғаны қуантады. Мамандандырылған әдебиет оқуға құмар қауым үшін бұл рухани орталықтың берері мол. Болашақта қор ұлғая береді деген ойдамын. Анар Жұманиязова, қала тұрғыны

Олардың барлығын саяхатшылар мен еріктілер тарту кеткен. Ішінде қазақ, орыс, француз, неміс, ағылшын тілінде жазылған әдебиеттер жетерлік. Картография, география, климатология, мұхиттар географиясы, жолсапар жазбалары, балалар әдебиеті. География ғылымына жататын әдебиеттер түрлі тақырыптар бойынша топтастырылған.

Кітапхана – қоғамдық жұмыстын жемісі. Каталог құру, картотека жасау мен қорды жүйелендіруге волонтерлер, қала тұрғындары атсалысты. Мақсатымыз – халықты кітап оқуға шақыру. Біздің кітапханада көркем әдебиет жоқ. Біз география ғылымына қатысты материалдарды жинаймыз. Александр Вервекин, кітапхана ұйымдастырушысы

Кітапхана өз оқырманын тауып үлгерген. Әсіресе, оқушылардың қызығушылығы жоғары. Этнографиялық, палеонтологиялық, геологиялық артефактілер және ақша үлгілері де жүйелендірілген. Жәдігерлер қоры бір музейге айналды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: