TikTok Ресей брендтеріне контент жариялауға рұқсат берді

Бұдан бұрын TikTok видеохостингі Ресей компанияларынан, брендтерінен контент жариялау мүмкіндігін алып тастаған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.
6 наурыз күні TikTok әкімшілігі Ресей брендтеріне видеохостингте контент жариялауға және тікелей эфирге шығуға тыйым салды.
Біздің басты басымдылығымыз – қызметкерлеріміздің және пайдаланушыларымыздың қауіпсіздігі және Ресейдің «фейк жаңалықтар» туралы жаңа заңына байланысты бізде тікелей трансляцияны және бейне қызметімізге жаңа мазмұнды жариялауды тоқтатудан басқа амалымыз жоқ. Бұл әрекеттің қауіпсіздік салдарын қарастырамыз, – деп хабарлаған еді компания наурыз айында.
Енді TikTok бұл шектеуді алып тастады. Қазір Ресей брендтері өз контентін қайта жариялап жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript