Ресей үкіметі Instagram-нан шығып кетті
Сурет: Instagram/government_rf
11 наурызда Роскомнадзор 14 наурызда түн ортасында Instagram бұғатталатынын мәлімдеді. Ресей Федерациясы үкіметінің баспасөз қызметі жаңалықтарды басқа әлеуметтік желілерде және ресми сайтта жариялай беретіндігі де айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей үкіметі Instagram әлеуметтік желісінен шығу туралы шешім қабылдады. Бұл - РФ Бас прокуратурасының елдегі әлеуметтік желілер әрекетін шектеу туралы талабына қатысты шара.
Осы шешімге байланысты біз Instagram-дағы жаңалықтарды жаңартуды кілт доғарамыз. РФ үкіметі
Үкіметтің баспасөз қызметі Telegram, ВКонтакте және ресми сайтта жаңалықтарын жариялай беретіндігін де жеткізді.
12 наурызда Instagram басшысы Адам Моссери мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, әлеуметтік желіні бұғаттау "Ресейдегі 80 миллион пайдаланушының бір-бірімен және әлемнің басқа елдерімен байланысын шектейді". Моссеридің айтуынша, Ресейдегі пайдаланушылардың шамамен 80% - ы шетелдік аккаунттарға жазылған.
11 наурызда Роскомнадзор 14 наурызда түн ортасында Instagram бұғатталатынын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript