Ақмола тұрғыны 8,5 млн теңгенің әскери-далалық шатырларын ұрлап кетті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2022 09:59 Сурет: zakon.kz
26 сәуірде Шортанды ауданының полиция бөліміне Нұр-Cұлтан қаласының тұрғыны ұрлық туралы өтінішпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматша 22-26 сәуір аралығында ауылдардың бірінің құрылыс алаңынан белгісіз біреулер оған тиесілі контейнердің құлпын бұзып, төрт дала шатырын ұрлап кеткенін хабарлады.

Шығын сомасы 8,5 млн теңгені құрады. Өтініш берушінің ақпараты бойынша, 5х7 метр жаңа шатырлар демалушыларды уақытша орналастыру үшін базаға орнатуға арналғанын және әрқайсысының салмағы 700 келіге дейін жетеді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Шортанды жедел қызметкерлері күдіктіні анықтады.

Ол Астрахан ауданының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Заттай дәлелдемелер, атап айтқанда шатырлар тәркіленді.

Ұрлық фактісі бойынша тергеу бөлімі ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: