Қазақстан волонтерлары көбіне қандай іске атсалысады – зерттеу
Зерттеуге сүйенсек, өңірлік тұрғыда еріктілердің басым бөлігі – 28,9%-ы немесе 13,1 мың адам елордада волонтер болып қызмет етеді.
Үздік үштікке Солтүстік Қазақстан облысы (6,7 мың адам, плюс 24,2%) және Алматы (4 мың адам, минус 42,1%) кіреді, – делінген зерттеуде.
Ranking.kz сарапшыларының пікірінше, Атырау облысының тұрғындары волонтерлық қызметке ең аз қызығушылық танытады: бүкіл облыс бойынша бар болғаны 60 адам, жылына минус 45,5%.
Басылым елдегі еріктілердің үштен бірінен астамы қайырымдылық немесе басқа да әлеуметтік жобаға қаражат жинауға қатысқанын айтады: 16 мың адам, бір жыл бұрынғыдан 3,2%-ға аз.
Ең танымал бағыттардың ішінде: елді мекеннің аумағын абаттандыру және тазалау (10,3 мың адам), әлеуметтік жұмыс (8,6 мың адам), кез келген тегін медициналық көмек немесе заңгерлік кеңес беру, ақысыз сабақтар өткізу, оқыту, кеңес беру (3 мың адам), спорттық, мәдени және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру (1,7 мың адам), – делінген хабарламада.
Ең бастысы, зерттеушілер атап өткендей, еріктілер адамдарды іздеумен де айналысты: бұл сегментке бар болғаны 301 адам қатысты.