Бәзбіреулер Ақтаудағы үңгірге сурет салып тастаған
Сурет: видеодан скриншот
Блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram-дағы парақшасында Ақтаудағы үңгір қабырғасына сурет салып жатқан қызды видеоға түсіріп жариялады. Әлгі қыз оқиға куәгерлерінің сөзіне еш реакция бермеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұзақылық, мәдениетсіздік және қала өміріне мүлде араласпау... Бұл өкінішке қарай, «жаңадан келгендердің» емес, өзіміздің, жергілікті тұрғындардың ісі», — делінген видеоның астында.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл әрекетке наразы болып жатыр:
Дым көрмегендер
Күйеуі қасында музыкамен қолдап тұр ғой
Ересек адамдар емес пе? Өте өкінішті
Айыппұл салса, сосын 15 күн сол үңгірдің еденін жуғызса, есінде қалар еді...
Әрі қарай сурет салып жатыр ғой. Оның үстіне орамал тағып алған
Адам емес, үңгірдегі жабайылар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript