Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда зейнеткер қатты соққыға жығылды: ұлы екі айға қамауға алынды

анасын ұрды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2022 13:17 Сурет: pixabay
Алматының Алатау ауданының прокуратурасы жеке сектордағы зейнеткер әйелге жасалған шабуылдың мән-жайын айтты. Белгілі болғандай, жанжал қайын енесі келініне әдепсіз балағат сөздер айтуы негізінде шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлының анасын ұрып-соғуы бойынша келесі мән-жайлар анықталды. Жанжал қайын енесі келініне қатысты әдепсіз балағат сөздер айту негізінде туындаған. Әйелін қорғаған ер адам анасына ауыр соққа жасаған. Зейнеткердің миы шайқалған, үсті көгеріп, бет-жүзінің терісі жартылып, қолы сынған.Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы

Алатау ауданы прокуратурасының нұсқауымен 49 жастағы күдікті ұсталды - ол қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды.

Оның әрекеті бұзақылық ниетпен дәрменсіз күйде жатқан адамға қатысты ерекше қатыгездікпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру деп сараланады. Прокуратура тергеушінің күдіктіні сот санкциясымен қамауға алу туралы өтінішін қолдап, екі айға қамауға алынды. Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы

3 мамырда Қазнет жеке сектордағы егде әйелге жасалған шабуылдың видеосын таратқан.

Кейін белгілі болғандай, зейнеткерді қатты соққыға жыққан күдікті анықталып, полицияға жеткізілді – ол жәбірленушінің 1972 жылы туған ұлы болып шықты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: