Қытайда көпқабатты үй құлап, 53 адам қаза тапты

Қытайда үй құлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2022 16:57 Сурет: pixabay
Қытайдың Чанша қаласында көпқабатты үйдің құлауынан қаза тапқан адамдардың саны 53-ке жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Хабар 24» телеарнасының мәліметінше, құтқарушылар жоғалған тұрғындардың бәрін тауып, оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды.

Еске сала кетейік, өткен жұма күні Қытайдың Чанша қаласында 6 қабатты үй опырылып құлаған еді.

Бірнеше күнге созылған іздестіру-құтқару шаралары барысында 10 адам аман-есен шығарылды.

Алдын ала тергеуге қарағанда үй заңсыз салынып, қауіпсіздік құжаттары алаяқтық жолмен бекітілген.

Оқиғаға қатысты 9 адам қамауға алынған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: