Қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. 10-12 мамырға арналған ауа райы болжамы
Сурет: unsplash
Синоптиктер 10-12 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, республикамыздың батысы мен оңтүстігінің кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, жел екпіні 15-20 м/с құрайды, кей жерлерде оның екпіні 25 м/с жетеді. "Қазгидромет" РМК
Болжам бойынша, Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript