Алматы қайтадан Венецияға айналды – фоторепортаж
Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 11 мамырда Алматыда қатты жаңбыр жауды. Қаладағы көшелер біртіндеп өзенге айналып жатыр. Ауа райы болжамына сай, алдағы үш күнде оңтүстік астанада қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нөсер жауын-шашын туралы дауылды ескертуден кейін су тасқынын жоюға уақытылы қатысу үшін аудан әкімдіктерінің мердігер ұйымдары дабыл қақты. Инертті материалдар да дайын.Алматының Төтенше жағдайлар департаменті
Сонымен бірге Казселезащита бақылау бекеттерінде бақылау күшейді.
Алматыда сағат 15.00-дегі жағдай бойынша «112» желісі мен «109» құтқару қызметіне Райымбек даңғылы, 234 мекен-жайындағы аулаларды, Алмалы ауданындағы Айтиева 8, 6 үйлерді, аулаларды және жертөлелерді су басып жатқаны туралы екі хабарлама келіп түсті.Алматы ТЖД
Ведомствоның мәліметінше, аталған жерге тиісті қызметтер жіберілген.
22 сәуірде Алматыда арық желісін орнатуды жоспарлап отырғаны белгілі болды. Мамандар мегаполистің арықтарын зерттеп, тығырықтан шығудың жолын анықтады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



