Шымкентте мемлекеттік қызметшілер төбелесті

 қызметкерлер төбелесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2022 16:24 Сурет: pexels
Шымкентте Экономикалық тергеу департаментінің екі қызметкері бір-біріне жұдырық ала жүгірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан өзара кикілжіңнің соңы төбелеске ұласқанын көруге болады, деп жазады Хабар 24 телеарнасы.

Қос қызметкер әуелі сөзге келіп қалады.

Кейін бірі екіншісін соққыға жығады, жарақат алғаны ауруханаға жатқызылды.

Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері қызметкер мен басқарма басшысының арасындағы жанжалдың болғанын растады.

Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр. Төбелестен кейін департамент басшысы қызметінен уақытша шеттетілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: