Екібастұзда шолақ мылтықпен жүрген адам ұсталды

қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2022 12:54 Сурет: pexels
33 жастағы қала тұрғынының араққа тойып алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол шаһардың орталығындағы кәсіпкерлік нысанына кіруге әрекеттенген. Қаруын бірнеше рет оқтағанымен, шүріппені баспаған.

Полицияға да қарсылық көрсетпей бірден сабасына түскен. Қазір медициналық айықтырғышта отыр.

Ал, аңшы мылтығы мен екі оғы баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Ер адамның ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: