Автокөлік жеткілікті – Қазақстан автобизнес қауымдастығы автонесие туралы
Сурет: pixabay
Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша көлік алғысы келетін қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Автосалондарда көлік бар. Өткен жылы біздің екі өндірушіміз Hyundai Trans Kazakhstan және «СарыарқаАвтоПром» жалпы саны 90 000 бірлікке жуық өнім шығарды. Жалпы жеңілдетілген автонесие аясында көлік жеткілікті болады. Анар Мақашева
Спикер биылғы болжам бойынша автокөлік өндірісі 20 пайызға артуы тиіс екенін атап өтті.
Біріншіден, тұтынушы автокөлікті таңдау үшін автосалонға барады. Көлік болса, оны дереу алып кетуге, төлем үшін шот-фактураны сұрауға және өтініш беру үшін банкке баруға болады. Егер көлік болмаса, электронды кезекке жазыласыз, ол ашық. Ал көлік келгенде сізге төлемге шот беріледі, сіз де банкке барып, жеңілдетілген автонесие алуға өтініш бере аласыз. Егер банк қандай да бір себептермен өтінімді мақұлдамаса, онда сіз бағдарламаға қатыса алмайсыз. Анар Мақашева
Оның айтуынша, егер бір банкте несие мақұлданбаса, басқа банкке жүгінуге болады. Бұл ретте банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ, өкілдер тікелей автосалонда отырады.
Халықтан дүрлікпеуді сұраймыз. Қазір Қазақстанның түкпір-түкпірінде осы бағдарлама бойынша көлік таңдап, тапсырыс беруге келген азаматтар бар. Әрбір автосалон алдын ала сатып алу-сату шарты бойынша бронь бекітеді немесе автосалонда брондауға арналған күту тізімі болады. Анар Мақашева
Еске салайық, төрт банк бағдарлама бойынша несие беруге рұқсат алды. Алғаш болып «ЦентрКредит» өтінімдерді қабылдай бастайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript