Жұрт «Нұрлы Таудың» төбесіне шығып алған қыз бен жігіттің видеосын талқылауда
Видео дронмен түсірілген, бұл туралы биікті бағындырған қыздың өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.
Ол өз жазбасында "Ванямен бірге" биікті бағындыруды қалай жоспарлағандарын айтады. Олар "кеңсеге сай емес" киімде болғандықтан, бұл ғимаратқа кіруде қиындық туғызуы мүмкін екені де айтылады. Қасында келе жатқан Ваня бұл мәселені талқыламайды, бірақ мақсатты түрде бизнес-орталыққа қарай жүріп барады.
Қыздың есімі - Анжела. Instagram - да ол Нұрлы Тауды қаланың ең танымал және әсерлі ғимараттарының бірі деп атайды. Содан кейін тау ландшафтының әсемдігін басқа қандай сәулет нысаны осылайша бейнелей алады деп өз-өзіне сұрақ қояды.
Қыздың желідегі парақшасынан байқалып тұрғандай, ол ұзақ уақыт бойы руферлікпен айналысады.
Руфер (ағылш. Roofing, яғни үйлердің шатырына шығу) жастарды біріктіретін субмәдениет, олардың арасында көпқабатты тұрғын үйлер, биік ғимараттар, радио мұнаралары, мұнаралар және т. б. биік нысандар бар. Биік шатырларға шығудың мақсаты - тамаша әсер алып, ерекше орында фотосессия жасау.