Жезқазғандағы бір топ жігіттің қырғын төбелесі видеоға түсіп қалған
Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде үш жігітті асфальтқа жатқызып қойып, тепкілеп жатқан төрт жігіттің видеосы пайда болды. Оқыс оқиға Жезқазған қаласында орын алғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеодан кәріне мінген жігіттердің жерде жатқан үшеудің басы мен аяқ-қолдарына бірнеше рет соққы беріп, оңды-солды тепкілеп жатқандарын көруге болады. Оқыс оқиға түнгі уақытта болған. Төбелестің себебі белгісіз.
Қарағанды облысының полициясы аталған оқиғаға қатысты түсінік берді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жезқазған қаласы ПБ қызметкерлері 17-18 жас аралығындағы төрт күдіктіні ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Істің мән-жайлары анықталу барысында. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript