Әйгілі мысық «Әлемнің үздік блогері» атанды

Мысық Степан, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2022 15:03 Cурет: Instagram/loveyoustepan
Харьковтық мысық Степан Каннда жүлде алды. Ол World Influencers and Blogger Awards марапатына ие болды. Бұл марапат әлемдегі ең үздік блогерлерге беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Степан әлеуметтік желілерде үстелде отырған немесе «қайғылы коктейль кештерінде» уақыт өткізіп отырған видеоларының арқасында танымал болды. Парақшасынан Степанның күнделікті тіршілігін, саяхаттардан әдемі фотоларын көруге болады.

Харьковтық 13 жастағы мысықты Instagram және TikTok желілерінде 1,5 миллионға жуық адам көреді. Степанның жанкүйерлері арасында Бритни Спирс та бар.

Баршаңызға рақмет! Мен өте-өте бақыттымын! – деп жазылған Степанның парақшасында.

Степан атаққа ие болғаннан кейін онымен жарнама берушілер жұмыс істей бастады. Мысалы, Valentino сән үйі құйрықты блогерге сөмке жарнамасына тапсырыс берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: