Джессика Честейн «Үздік актриса» атанды
Сурет: Instagram/jessicachastain
Танымал америкалық актриса және продюсер Джессика Честейн 2022 жылғы Оскар сыйлығының «Үздік актриса» марапатын жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Джессика Честейнге «Үздік әйел рөлі» номинациясында «Оскар» жүлдесі «Тэмми Фэйдің көзі» фильміндегі рөлі үшін табыс етілді.
Бұл номинация бойынша Николь Кидман («Рикардо болу», 2021), Оливия Колман («Бейтаныс қыз», 2021), Пенелопа Круз («Параллель аналар», 2021) және Кристен Стюарт (Спенсер, 2021) бақ сынады.
«Тэмми Фэйдің көзі» фильмінде америкалық христиан әншісі, евангелист, кәсіпкер, автор және телешоу жүргізушісі Тэмми Фэйдің өмірі туралы баяндалады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript