Бас санитарлық дәрігер ревакцинацияны қайталау туралы жаңа қаулыға қол қойды
![Жаңа қаулы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2022 22:21](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-3bce4ce0-f256-45a2-8d54-b3e8fb3b9d75/800x451.webp)
Жаңа қаулыға сәйкес, Қазақстан аумағында үш және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакциналаудан (ревакцинациядан) өтуі керек, деп хабарлайды Zakon.kz.
КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.
КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға жатады:
1) медицина қызметкерлері;
2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;
3) күш құрылымдарының қызметкерлері;
4) педагогтар;
5) пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;
6) 50 жастан асқан адамдар.».
Қаулы 2022 жылға 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаулы мәтінімен толық мына арадан танысуға болады
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript