25 мамырда елімізде күн райы қандай болады
!["Қазгидромет" РМК, ауа райы болжамы, жауын, бұршақ, найзағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2022 16:08](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-8d8c3d6a-840a-488c-9c70-1a5522e882d4/800x451.webp)
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, екпінді жел соғады. Антициклон әсерінен солтүстікте, шығыста, оңтүстікте, республика орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. «Қазгидромет» РМК
Батыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде түнде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, күндіз солтүстік-шығыста желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының батысында және оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, батыста және шығыста жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында айзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысының шығысында күн күркірейді, желдің күші 15-18 м/с болады.
Атырау облысының шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде шығыста найзағай ойнайды.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында найзағай ойнайды, найзағай ойнағанда – жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Күндіз солтүстікте, Ақмоланың батысында, Солтүстік Қазақстан, Түркістанның таулы аймақтарында, түнде Қарағандының оңтүстік-шығысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында желдің күші 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. «Қазгидромет» РМК