«О'кей»: Димаш Құдайберген туған күнінде жанкүйерлерге сыйлық жасады

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2022 18:17 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
24 мамырда әнші Димаш Құдайберген 28 жасқа толып отыр. Бүгін ол өз жанкүйерлеріне сыйлық жасап, жаңа ән тарту етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаштың туған күнінде жаңа композициясы – «О'кей» әні тыңдарманға ұсынылды. Жаңа әнді барлық платформадан тыңдауға болады.

Димаш Құдайберген өзінің туған күнінде шығармашылығының жанкүйерлеріне сыйлық жасауды шешті. Бүгін, 24 мамырда, әртіс сіздерге «О'кей» жаңа музыкалық композициясын қуана ұсынады, – деп хабарлады Dimash.news Instagram парақшасы.

Ал артистің өзі әлеуметтік желідегі парақшасына жанкүйерлері Dears-тан алған сыйлықтарын көрсетіп, бәріне алғысын білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: