Жаңалықтар тізбегі
0

29 мамырға арналған жұлдыз жорамал: «Шаянға» үйде отыруға болмайды

Жұлдызнама, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2022 12:34 Сурет: pixabay
Жұлдыз жорамалға сәйкес, бүгін күнделікті істермен айналысқан дұрыс, онда да біреудің көмегіне, ақылына жүгінудің қажеті жоқ, өйткені алданып қалу қаупі жоғары, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқты

Айналаңызда жаңа адамдар пайда болады, жаңа таныстыққа жетелеушілер де кездеседі, бұл ретте өзіңізді өзіңіз мәжбүрлемеген жөн. Бірақ бүгінгі жаңа таныстықтар болашақта мансабыңыз үшін пайдалы болады.

Торпақ

Бүгін қабылдаған шешіміңіз болашағыңызға айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан мұқият әрекет етіп, жағдайды дамытудың ең көп нұсқаларын ойластыруға тырысыңыз, бірақ бұл процесті көп кешіктірмеңіз.

Егіздер

Ештеңеге бас ауыртпай, демалыңыз, бұл - бүгін сіз үшін ең жақсы тактика. Басқалар жүйкесін жұқартып, шала бүліне берсін, ал сіз алдыңыздағы шайдан алып, өзгелердің қателіктерінен қорытынды жасаңыз.

Шаян

Бүгін үйде отыруға болмайды: онда осы күніңізді тектен текке ысырап еттім дей беріңіз. Серуендеңіз, адамдармен ашық әрі батыл сөйлесіңіз, танысудан қорықпаңыз: дәл бүгін сізге сәттілік әкеледі.

Арыстан

Тәжірибелік дағдылар биыл ауадай қажет, ал шығармашылықты кейінге қалдыра тұрған жөн. Көбінесе демалыс күнін жұмысқа жұмсау - өкінішті, екінші жағынан, мұндай әлеуетті диванда құр жатуға да жұмсау – өкінішті, сондықтан жаныңызға жайлы істермен шұғылданыңыз.

Бикеш

Айналадағылармен байланыс бүгінде қуаныш әкеле қоюы екіталай, керісінше, сынға ұшырап, сөгіс естисіз (мүмкін, оның әділ болмауы да ықтимал). Сондықтан қарым-қатынасты азайтып, өз-өзіңізбен қалған дұрыс. Ал егер біреу өзіңіз туралы пікірін білдіргісі келсе, онда оны елемей өз істеріңізге бет бұрып, бұрылып кетіңіз.

Таразы

Бүгін өз еркіңізге оңай бағынып, көшбасшылық қасиетіңіз жақсы көрініс табады. Бірақ дипломатиялық таланттарды да ұтымды пайдалану қажеттігін ұмытпаңыз, әйтпесе жанжал туып, маңызды адамды ренжітіп алу қаупі бар.

Сарышаян

Өз-өзіңізге көңіл толмайтын ойлар басқа келуі мүмкін. Оған жол бермеңіз! Қазір сіз өзіңіздің потенциалыңыз бен ресурстарыңызды бағалауға қабілетті күйде емессіз, ал баста туындаған күдік-күмән жүрегіңізге салмақ түсіріп, дұрыс шешім қабылдамай алмайсыз. Сондықтан ойдын бәрін бастан "қуып", миға "демалыс" берген жөн.

Мерген

Бүгін бұрқ еткен сезім мен эмоция жетегіне кетуге болмайды. Сіздің әрекеттеріңіз мүмкіндігінше қисынды және ұтымды болуы керек. Ал қабылдануы тиіс елеулі шешімдерді кейінге қалдыра тұрыңыз.

Тауешкі

Барлық жұмысты ысырып қойыңыз, маңызды, қиын дүниелер туралы ұмытып, өз-өзіңізді еркелетіп, күтіңіз. Қиын әрі күрделі жобалар үшін қазір қолайсыз кезең. Бірақ дәмді тағам басында немесе сүйікті хоббиіңізбен айналысу үшін достармен кездесуге бұл - ең қолайлы уақыт.

Суқұйғыш

Жаныңызда туындауы ықтимал ұрыс-керістен қорықпаңыз, өйткені араға түсіп, оны тек сіз ғана баса аласыз. Адамдар бүгін сіздің бітімгершілік қасиетіңізді жақсы бағалайтын болады.

Балықтар

Бұл күн өз-өзіңізді күштеп жұмыс істеуге арналмаған. Асығамын деп едәуір қателіктерге жол бересіз. Жаныңызға жағатын іспен шұғылданған жөн.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: