Суданда төтенше жағдай жойылды
Сурет: pxhere
Суданның өтпелі егемендік кеңесінің төрағасы Әбдел Фаттах әл-Бурхан 29 мамырда елдегі төтенше жағдай режимін алып тастау туралы жарлық шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл шешім өтпелі кезеңде тұрақтылыққа әкелетін өнімді диалог үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қабылданды, делінген құжатта.
РБК хабарлауынша, төтенше жағдайды билік 2021 жылдың қазан айында енгізген. Осыдан кейін Судан саяси дағдарысты бастан кешіре бастады. Содан бері елорда мен басқа да қалаларда азаматтық билікке қайта оралуды талап еткен наразылық шерулері тоқтаған жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript