«Cүт қосылған шоколад»: Мәди Рымбаев отбасылық архивтен видео бөлісті
Сурет: Instagram/madirymbaev
Әнші Мәди Рымбаев бала кезінен қызық видео бөлісті. Анасы Роза Рымбаеваның кезекті бір сұхбатында Мәди кадрға кіріп кетіп, анасына ұмтылған. Желіде осы сәттен видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сұхбат осыдан біраз жыл бұрын әншінің үйінде түсірілген. Роза Рымбаева журналиспен сұхбаттасып отырғанда ұлы Мәди Рымбаев жылап келіп, анасының алдына отырады. Мәдидің қолы мен аузына шоколад жағылған. Кішкентай Мәди анасының көйлегін ашып, еме бастайды.
Осы видеодан кейін Мәди «шоколад» деген әнді жазды. Менің бұл әрекетіме күлуге ресми түрде рұқсат беремін, – деп жазды Мәди Рымбаев Instagram-дағы парақшасына.
Архивтен алынған видеоны Мәдидің ағасы Әли Оқапов та өз парақшасында бөлісті.
Кішкентай Мәдидің бұл қылығына желі қолданушылары күліп, әзілдеп жатыр. Қолдау білдіріп, кішкентай сүйкімді балаға сүйсініп жатқандар да жетеді:
Қандай пупс өзі?
Тышқақ
Тамаша ана, сүйкімді бала. Анаңыз қандай сабырлы!
Жаааныыым. Әлидің осы жайлы айтқаны есімде
Бөпелерге басқа не керек?
Аштан келгендей
Сүт қосылған шоколад болды ғой.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript