Рим Папасы Қазақстанды сенімді серіктес деп атады
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ватиканға ресми сапармен келіп, Рим Папасы Францискпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Понтифик Қазақстан Ватиканның Орталық Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтті.
Рим-католик шіркеуінің басшысы «Жаңа Қазақстанды» құру аясындағы саяси және экономикалық реформаларды және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша алдағы жалпыхалықтық референдумды жоғары бағалады.
Тараптар қыркүйек айында Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің күн тәртібін талқылады. Понтифик Қазақстанның конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілетуге қосқан үлесін қанағаттанушылықпен атап өтті.
Рим Папасы Францисктің Қазақстанға мемлекеттік сапармен келу және съезд жұмысына қатысу туралы шешімі атап өтілді. Министр Қазақстаннан ғана емес, бүкіл Орталық Азиядан келген католиктер Рим Папасының келуін асыға күтетінін айтты.