Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда қыздардың саны азайып барады – зерттеу

адамдар, халық, тұрғындар, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2022 12:10 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан халқы бір жылда 1,3%-ға өсіп, 2022 жылдың басында 19,12 млн адам болды. Оның 9,84 миллионы – әйелдер, 9,29 миллионы – ерлер. Халықтың жалпы санындағы әйелдердің үлесі жыл басында 51,44% болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Салыстыру үшін: бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 51,48%, бес жыл бұрын – 51,62%, он жыл бұрын – 51,77% болған.

Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша халық саны 19,18 миллион адамға өсті. Оның ішінде 9,31 миллионы ерлер, 9,86 миллионы әйелдер. Әйелдердің үлесі тағы да 51,43%-ға дейін төмендеді.

Жалпы әйелдер үлесі ерлерге қарағанда біршама жоғары болғанымен жылдан жылға азайып келеді және бұл үрдіс тұрақты. Кейінгі 5 жылда әйелдер санының орташа жылдық өсімі 1,2% болса, ерлер санының өсімі 1,4% болды.

Дегенмен әйелдер санының ерлердің санынан жалпы басымдығына қарамастан жалпы картинада жас бойынша бөлінуі мүлдем басқаша көрінеді.

Осылайша Қазақстандағы 14 пен 28 жас аралығындағы жас әйелдер саны бір жылда 0,1%-ға азайып, биыл жыл басында 1,83 млн адам болды. Бұл ретте жас жігіттердің саны, керісінше, 0,1%-ға өсіп, 1,92 млн адамға жетті. Бұл динамика да тұрақты тренд болып кеткен, – деп хабарлады Ranking.kz.

Нәтижесінде 2022 жылдың басында жастардың жалпы санындағы жас әйелдердің үлесі небәрі 48,87% болды, яғни жартысынан да аз. Оның үстіне, қыздардың үлесі жылдан-жылға азайып келеді. Мысалы, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 48,92%-ға, бес жыл бұрын 49,5%-ға, одан он жыл бұрын 49,88%-ға жеткен (яғни, жігіттермен бірдей).

Сонымен «статистика мәліметтері бойынша 10 қызға 9 жігіттен келеді» деген ескірген кеңестік стереотиптің Қазақстанға мүлдем қатысы жоқ (болған да емес). Статистика мәліметтеріне сай, Қазақстанда ұлдарға қарағанда қыздар айтарлықтай аз: 2021 жылы 230,3 мың сәбиге қарсы 216,2 мың нәресте, яғни қыздар жаңа туған нәрестелердің жалпы санының 48,4%-ын ғана құрады. Ал ең «неке» жасындағы (28 жасқа дейін) жастардың арасында 1000 жігітке небәрі 956 қыздан келеді. Алшақтық жылдан-жылға артып, қыздардың саны азайып барады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: