Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ақпаратына сай, Алматы облысының шығысында, солтүстікте, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні облыстың шығысында 17-22 м/с және 27 м/с. Талдықорғанда оқтын-оқтын найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні күндіз 15-20 м/с болады. Облыс орталығы мен Қызылорда қаласында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні солтүстікте, облыстың шығысында 15-20м/с болады. Күндіз жел екпіні 23 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні түнде солтүстікте, облыстың шығысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с және 25 м/с болады.
Петропавлда түнде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 м/с.
Тақырып бойынша