Тұман түсіп, үсік жүреді: Алматы облысында дауылды ескерту жарияланды

Алматы облысы, тұман, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 18:00 Сурет: pixabay
Синоптиктер Алматы облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, Алматы облысында 24 қазан сағат 21:00-ден 25 қазан 21:00-ге дейін дауылды ескерту жарияланды.

"25 қазанда түнде және таңертең Алматы облысының таулы аймақтарында синоптиктердің болжауынша тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді", – деп хабарлады Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 2-7 м/с болажы. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 16-18 градус жылы.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 16-18 градус жылы.

Өңіріңіздегі дауылды ескертулер және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жылдам алу үшін Darmen мобильді қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: