Қазақстанда жиһаз 13 пайызға қымбаттады
Қазақстанның өңірлері арасында жиһаз және тұрмыстық заттар Маңғыстау облысында жылына 2,5%-дан, Түркістан облысында 37,3%-ға қымбаттады, деп жазады Energyprom.kz.
Бағаның айтарлықтай өсуі Қызылорда (23%-ға), Шығыс Қазақстан (19,1%-ға) және Солтүстік Қазақстан (19%-ға) облыстарында да байқалды.
Өңірлік тұрғыда 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы жиһаз өндірісінің үштен біріне жуығы Алматының ғана үлесіне тиді (7,4 млрд теңге).
Шығарылымның айтарлықтай көлемі Қарағанды (1,9 млрд теңге), Павлодар (1,8 млрд теңге) және Батыс Қазақстан (1,5 млрд теңге) облыстарында да тіркелді.
Өндірістің ең аз көлемі Қызылорда (91,5 млн теңге), Маңғыстау (168,4 млн теңге) және Атырау (282,4 млн теңге) облыстарына тиесілі.
Қазақстанда асханалар мен қонақүйлерге арналған ағаш жиһаздар, ас үй жиһаздары, жатын бөлмелері, орындықтар мен табуреттер, сонымен қатар металл жақтаулары бар арнайы жиһаздар шығарылады.