Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминалдың құрылысын бастауға рұқсат берді

Алматы әуежайында жаңа терминал салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2022 17:39 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары оңтүстік астана әуежайының жаңа халықаралық терминалы құрылысының капсуласын салу рәсіміне қатысумен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Алматы әуежайы маңызды стратегиялық нысан және Қазақстанның әуе қақпасы екенін атап өтті.

Жаңа терминал салынғаннан кейін әуежайда жылына 14 миллион жолаушыға дейін қызмет көрсетілетін болады, яғни екі есеге артады деген сөз. Жаңа терминал ең озық технологиямен жабдықталып, халықаралық стандарттарға сай болуы керек. Ең бастысы барлық жұмысты уақытында аяқтау қажет, – деді Президент.

Құрылысқа салынған инвестицияның жалпы көлемі 200 миллион доллардан асады.

Жаңа терминал тек халықаралық бағыттағы рейстерге, ал қазіргісі ішкі рейстерге қызмет көрсетеді.

Құрылыс 2024 жылы жазда аяқталады деп жоспарланған.

әуежайда капсула салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2022 17:39

Сурет: akorda.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: