Алматы тауларында нөсер жауып, арты қарға ұласады – синоптиктер

Алматы, Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті, тау, нөсер, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2022 10:17 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақтарда ауа райының күрт нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство туристер мен тауда серуендеуді ұнататындардан қазірше тауға шықпай тұра тұруды сұрады.

2 маусымда Алматының тауларында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 3 маусымда нөсер, биік таулы аймақтарда қар күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Құтқарушылар «112» сигналдарына, дабылдарға және бұқаралық ақпарат құралдарынан, теледидардан, радиодан тарайтын хабарламаларға құлақ асуға кеңес берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: