Жамбыл облысының әкімі Бас мүфтимен кездесті
Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал сөз болып, дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру, оларға әлеуметтік қолдау көрсетудің маңызы талқыланды.
Сонымен қатар жастар арасында діни оңалту жұмыстарын жүйелі жүргізу мәселесіне де көңіл бөлінді.
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Облыс әкімі ізгілік жолындағы бастамалар мен игі қызметте жүрген имамдарды қолдау ортақ іс екенін жеткізді.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қоғамдық келісім, татулық, тұрақтылық – ел дамуының негізі екендігін баса айтып, осы тұрғыда жұмыла жұмыс жасаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Тараз қаласында «Тараздан шыққан діни тұлғалар. Профессор Насрулла Таразидің туғанына 100 жыл» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференцияның өз деңгейінде ұйымдастырылғаның, оған қолдау білдірген облыс әкімдігіне деген ризашылығын білдірді.
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Аталған шара барысында Өзбекстан, Қырғыз Республикасы елдерінің және еліміздің профессор, докторлары қатысып, баяндама жасаған. Олар Насрулла ат-Тарази еңбектері мен ғұмыры жайлы жан-жақты мәліметпен бөлісіп, сыр шерткен.
Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі