Алматыда шомылуға рұқсат етілген орындарды білесіз бе

Алматы, шомылуға рұқсат етілген жерлер, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2022 15:58 Сурет: Zakon.kz
Алматы аумағында шомылуға рұқсат етілген 4 орын белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы turkystan.kz желілік басылымы жазды.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Исхар Савазовтың айтуынша мына жерлерге шомылуға рұқсат етіледі:

  • Сайран көлі – Алматы ауданы жағында, Төле би көшесінен 200 метр жерде;

  • Сайран көлінің батыс жағы – Әуезов ауданы жағында, Төле би көшесіне қарама-қарсы 300 метр жерде;

  • «Баум бағы» маңындағы Д. Қонаев атындағы үлкен Алматы каналының бойы;

  • Гүлдер демалыс аймағы.

Осы 4 су қоймасынан басқа Есентай, Кіші Алматы өзендері сияқты тау өзендерінде суға түсуге тыйым салынады.Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Исхар Савазов
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: