Алматыда қай жерде шомылуға рұқсат
Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қалада қай жерде суға түсуге болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қала әкімдігінің қаулысымен биыл суға шомылатын үш орын белгіленді. Олар: Сайран көлінің шығыс және батыс жағы, Үлкен Алматы каналы - Бауман тоғайы мен Гүлдер тоғайы", - деді Алматы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Әнуар Юсупов.
Бірақ бұған дейін алматылықтар биыл Сайран көлінің маңында жаздың ыстық күндерін өткізе алмайтыны хабарланған еді. Су қоймасындағы іргелес аумақты абаттандыру жоспарланып отыр, сондықтан жасанды көл суға толмайды.
"Қалада және тау бөктеріндегі аймақтарда барлығы 44 су қоймасы бар, оның 12-сі суға түсу маусымында тұрғындарға қауіп төндіреді. Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерін тарта отырып, рейдтік іс-шаралар өткізеді. Оған Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері, Құтқару қызметі мен Республикалық жедел құтқару жасағы құтқарушылары қосылады ".Әнуар Юсупов
Айта кетейік, 15 мамырдан бастап су қоймаларының үстінен рұқсат етілмеген жерде суға түскендерді қадағалап, ескертуге көмектесетін дрондар ұшырыла бастады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript