Алматыда тоғыз су қоймасына суға түсуге болмайды
Сурет: pixabay
Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда тоғыз су қоймасына суға түсуге болмайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала аумағы мен тауға жақын жерлерде орналасқан 44 су қоймасы бар. Олардың 9-ы қауіпті саналады:
- "Шаңырақ" ықшам ауданындағы Үлкен Алматы өзені;
- "Дархан" ықшам ауданындағы Үлкен Алматы өзені;
- Әл-Фараби мен Навои көшелері маңындағы Үлкен Алматы өзені;
- "Кемел" ықшамауданындағы "Первомайские пруды";
- Кіші Алматы өзені (Бутаковкаға бұрыла бергенде);
- Юннатское өзені;
- "Қарасу" ықшам ауданындағы тоған;
- Аэропортовское өзені;
- Қарасу жақтағы өзен (Шестуха).
4 жерде суға шомылуға рұқсат етіледі:
- Сайран көлінің батыс және шығыс жағында;
- "Гүлдер" демалыс орны;
- "Баум" бағының аумағындағы жағажайда.
Алайда қазір бұл су қоймалары суға тола қоймаған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript