Қапшағайда жас қыз түнде суға батып кетті
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы облысында 2002 жылғы қыз суға түсуге рұқсат етілмеген жерде түнде шомылып жүріп суға батып кетті. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына облыстың Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қайғылы жағдай Қапшағай су қоймасында болған.
Бір топ жас демалыс орындарының бірінің маңындағы суға түсуге арналмаған жерде демалған.
"Жастар мас күйінде суға түскен. Өз күшін асыра бағалаған бойжеткен тереңге дейін жүзіп барып, суға батып кетті". Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
ТЖД мамандары қауіпсіздік ережелерін бұзған 5 азамат "Әкімшілік жауапкершілік туралы" ҚР Кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ескертулер мен тыйым салу белгілері бар ескерту тақталары ілінген жерлерде суға түсуге, сондай-ақ жүзуге жабдықталмаған, бейтаныс жерлерде суға түсуге қатаң тыйым салынатынын ескертті.
Аптап ыстық кезінде Қапшағайға екі күнде 40 мың адам барған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript